Бақытбек Алпысбай: Жақындарыңыздың саулығын тілесеңіз, вакцина салдырған дұрыс

5 Мамыр 2021, 21:01
1570
Бөлісу:
Бақытбек Алпысбай: Жақындарыңыздың саулығын тілесеңіз, вакцина салдырған дұрыс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Театр тарланы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Бақытбек Алпысбай өмірлік жары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәмила Әбжанова екеуі вакцина салдырды. 

Өнер майталмандары жақындарының саулығы үшін осындай шешім қабылдағанын айтады.

Сексен төрт жасқа келген Асанәлі Әшімов ағамыз екпе салдырды. Жеңгемізбен хабарласып, жағдайын білген кезде қорықпай вакцина алу қажеттігін айтты. Ол кісі медицина саласында көп жыл еңбек еткен. Мамандардан да кеңес алдық. Ескпе салдыруға шешім қабылдадық. Қазір жағдайымыз жақсы. Ешқандай кері әсерін байқамадық. Негізі екпе салдыру өз еркіңіз. Бірақ жақындарыңыздың саулығы үшін салдырғаныңыз дұрыс. Бірліктің, ауызбіршіліктің арқасында түрлі қиындықты еңсердік. Бұл дертті жеңетінімізге сенемін, - деді ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Бақытбек Алпысбай.
Өзгелердің жаңалығы