Бакуде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің бірінші отырысы өтті

2 Мамыр 2024, 10:42
412
Бөлісу:
Бакуде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің бірінші отырысы өтті
PHOTO
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Кездесуде қорға қатысушы елдердің мәдениет министрліктерінің басшылары бас қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәлімдеуінше, Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры 2015 жылы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің бастамасымен құрылды және оны Қазақстан, Қырғызстан және Түркия мемлекеттерінің басшылары қолдады.

Бакуде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің бірінші отырысы өтті

Қор құрудағы негізгі мақсат – түркі мәдениеті мен мұрасын сақтауға, зерделеуге және насихаттауға арналған бағдарламалар мен жобаларды қолдау және қаржыландыру. Әзірбайжан Мәдениет министрі Әділ Керимли қор алдында Түркі әлемі үшін өзекті жаһандық және өңірлік жағдайға сай жаңа бағыттарды дамытуда ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті.

Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова қор нәтижелерімен бөлісіп, алдағы жаңа бағыттар мен 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

Бакуде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің бірінші отырысы өтті

Жалпы, қордың жұмыс жоспарын барлық қатысушы елдер қолдады. Аталған жоспарды жүзеге асыру ұйым қызметіне жаңа серпін берері сөзсіз. Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз сөзінде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры түркі мемлекеттерінің халықаралық аренадағы бірлігінің үлгісі екенін атап өтті.

Қор біздің мәдениетімізді де, елімізді де бір-бірімен одан әрі жақындастыра түседі. Мәдени және ғылыми іс-шаралар, оның ішінде Қордың ұйымдастыруымен өтетін көрмелер байланысымызды нығайтады және тығыз ынтымақтастыққа мүмкіндік туғызады, – деді Аида Балаева. 

Бакуде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің бірінші отырысы өтті

Министр отырысқа қатысушыларды Таңбалы петроглифтеріне арналған ғылыми-практикалық конференцияға шақырды.

Биыл Қазақстанда өтетін конференцияға түркі әлемінің ғалымдары жиналады. Министр Түркі мемлекеттері ұйымы, Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы, Халықаралық Түркі академиясының және Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының түркі мұрасын сақтауға және насихаттауға бағытталған қызметтерінің нақты функцияларын бірге атқару және айқындау үшін жоспарларды талдау керектігін атап өтті.

Бакуде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің бірінші отырысы өтті

Осыған байланысты, оның пікірінше, ескерткіштерге сараптама жүргізу, реставрация жасау, сондай-ақ оларды ЮНЕСКО тізіміне енгізу бойынша бірыңғай топ құрған жөн.

Сонымен қатар Аида Балаева 6-шы Дүниежүзілік мәдениетаралық диалог бойынша форумға қатысты. Форум Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің қатысуымен өтті.

Бакуде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің бірінші отырысы өтті

Іс-шараға 110-нан астам елден жүздеген қатысушы келді. Панельдік пікірталастар мен пленарлық отырыстарда білім, жастар, климаттың өзгеруі, жасанды интеллект, мәдени мұраны қорғау, заңсыз көші-қон сияқты тақырыптар талқыланды.

Бакуде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің бірінші отырысы өтті
Өзгелердің жаңалығы