Бакуде өткен халықаралық фестивальде отандастарымыз сәтті өнер көрсетті

11 Желтоқсан 2023, 01:28
485
Бөлісу:
Бакуде өткен халықаралық фестивальде отандастарымыз сәтті өнер көрсетті
Фото: baq.kz

Бакуде цифрлық технологияларды, инновацияларды және робототехниканы оқитын шығармашыл балаларға арналған үшінші халықаралық STEAM Azerbaijan 2023 фестивалі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Kazinform-ға сілтеме жасап.

Фестиваль қатысушылары «Robokids», «Болашақ инженерлері», «Мехатроника», «Боат жарысы», «Хакатон», «VEX робототехникасы» және т.б. пәндер бойынша сайысқа түсті.

Бакудегі жарыста Қазақстан атынан Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы университет базасында орналасқан Халықаралық робототехника академиясының 6 командасы бақ сынады.

Команда құрамы 8-17 жас аралығындағы оқушылардан жасақталған. Фестивальге 11 елден келген (оның ішінде Чехия, Нидерланды, Словакия, Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Ұлыбритания, Қазақстан, Әзербайжан) 1 150 бала қатысты.

8-13 жас аралығындағы қазақстандық 3 команда VEX IQ санаты бойынша сайысқа түссе, 14-17 жас аралығындағы жеткіншектер 3 команда құрамында VEX V5 санаты бойынша өз роботтарымен бірге сайысқа түсті.

Еліміздің атынан сынға түсскен барлық 6 команда тамаша нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды.

Өзгелердің жаңалығы