Баку Қарабақта 28 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын мәлімдеді

7 Қазан 2020, 16:34
1188
Бөлісу:
Баку Қарабақта 28 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таулы Қарабақтағы қақтығыс кезінде Әзербайжанның 28 бейбіт тұрғыны қаза тауып, 144-ті жараланды. Бұл туралы бүгін Әзербайжан Бас прокуратурасы хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, қақтығыс басталғалы 66 азаматтық нысан мен 427 тұрғын үй қираған. Бұған дейін Әзербайжан жағынан 27 бейбіт тұрғын қаза тапқаны және 141 адамның жарланғаны хабарланған. Ал мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасы аймақтағы қақтығыс кезінде 280 Әзербайжан әскерін жойғанын мәлімдеген.

Қарабақта әскери қақтығыс оты 27 қыркүйек күні тұтанған еді. Армения мен Әзербайжан оқ атты деп бір-бірін айыптауда.

Өзгелердің жаңалығы