Бағдатта өмір бойына сотталған қазақстандық әйелдер аштық жариялады

2 Мамыр 2023, 17:21
989
Бөлісу:
Бағдатта өмір бойына сотталған қазақстандық әйелдер аштық жариялады
Фото: egemen.kz

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Бағдат түрмесінде отырған қазақстандық 6 әйелге қатысты мәлімет айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өздеріңіз білетіндей, осыдан бірнеше жыл бұрын Ирактан “Жусан” операциясы бойынша кішкентай балаларды алып келген болатынбыз. Бірақ олардың аналары өмір бойы бас бостандығынан айырылғаннан кейін Бағдат түрмесінде қалып қойды, - деді Смадияров брифингте.

Ол осы мәселе бойынша СІМ-де бар ақпараттарды бөлісті.

24 сәуірде Қазақстанның Йорданиядағы елшілігіне Ирак билігінің террористік ұйымының қызметіне қатысқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруына наразылық ретінде Бағдаттың түрмесінде отырған шетелдік азаматтар, олардың ішінде Қазақстан азаматтары да аштық акциясын бастағаны туралы ақпарат келіп түсті. Тұрғандар өз мемлекеттеріне тезірек экстрадициялау рәсімін өткізуді талап етіп жатыр, - деп айтты СІМ ресми өкілі.

Сөзінше, аштық акциясы Ирак билігінің рақымшылық туралы заңына қол қойғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін басталған.

Қазіргі уақытта ДАИШ террористік ұйымына қатысқаны үшін сотталған қазақстанның 6 азаматы өмір бойы жазасын өтеп жатыр. Жалпы наразылық білдірушілер әділетсіз өкімдерге, терроризмге негізсіз айыпталуларға және ұстау жағдайларының нашарлығына шағымданады, - деп айтты Смадияров брифингте.

Өзгелердің жаңалығы