Бағдат Мусин Цифрлық даму министрі болып қайта тағайындалды

4 Сәуір 2023, 13:05
1178
Бөлісу:
Бағдат Мусин Цифрлық даму министрі болып қайта тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мусин Бағдат Батырбекұлы 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысының Екібастұз қаласында туған. Сүлеймен Демирел атындағы университетті "инженер-жүйе технигі" мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "заңгер" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

2004-2007 жж. - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік органдарында IT -бөлімшелерін құру департаментінің бас инженері, бөлім бастығы, директордың орынбасары

2007-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу бөлімінің бастығы.

2008-2010 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақпараттық технологиялар департаментінің бастығы.

2010-2011 жж. - Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат министрлігінің ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары.

2011-2012 жж. - Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі ХҚКО үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары.

2012-2014 жж. - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО үйлестіру комитетінің төрағасы.

2014 жылдың сәуір-тамызы - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.

2014-2017 жж. - «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы.

2017-2018 жж. - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы.

2020 жылдың 13 наурызынан бастап. – 2020 жылдың 20 шілдесіне дейін - Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі.

2020 жылдың 20 шілдесінен бастап - Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш индустриясының бірінші вице-министрі.

2020 жылдың 2 қыркүйегінен бастап - Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (2021 жылғы 18 қаңтарда қайта тағайындалды).

2021 жылғы 28 қаңтардан бастап - Мемлекетаралық ғарыш кеңесінің төрағасы

Өзгелердің жаңалығы