Бағдадта АҚШ елшілігіне тағы шабуыл жасалды

27 Қаңтар 2020, 11:28
1944
Бөлісу:
Бағдадта АҚШ елшілігіне тағы шабуыл жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Бағдадтағы елшілігі мен "жасыл аймақты" реактив қарулармен атқылағаннан бірнеше адам зардап шекті. 

Бұл туралы "ас-Сумария" телеарнасы қауіпсіздік органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Телеарнаның хабарлауынша, "қазір АҚШ елшілігінің территориясынан адамдарды тікұшақпен шығарып жатыр".

"Аль-Арабия" арнасы таратқан ақпаратқа қарағанда, АҚШ елшілігінің территориясына үш зымыран құлаған. Оның біреуі дипломатиялық миссияның мейрамханасына түскен.

Бағдадтың "жасыл аймағын" зымыранмен атқылау жиілеп кетті. 20 қаңтар күні кешке де америкалық елшіліктің маңына зымыран құлап, абырой болғанда, адамдар аман қалған еді.

Айта кетейік, 3 қаңтарға қараған түні Ирак астанасы Бағдаттағы халықаралық әуежай маңында бірнеше жарылыс болды

АҚШ билігі жарылыс болған жердегі Иранмен байланысы бар екі нысанның соққысына қатысы бар екенін хабарлады.

АҚШ қарулы күштері Ирактағы Иран генералының өлімінен кейін әскерін толық дайындап қойды. АҚШ соққысының салдарынан қайтыс болған ирандық генерал Касем Сулейманидің өлімінен кейін мұнай бағасы 2% қымбаттады.

Әлемдік БАҚ ирандық генерал Касем Сулейманиді жою туралы бұйрықты АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі берді деген ақпарат таратты.

Иран жоғарғы көшбасшысының бас әскери кеңесшісі Хусейн Дехган CNN арнасына сұхбат бергенде генерал Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алу үшін Иран америкалық әскери нысандарға шабуыл жасайтынын айтты. 

Ал, 5 қаңтарда Иран ядролық келісімнен бас тартты.

Иранның мемлекеттік телеарнасы Дональд Трамптың басы үшін 80 миллион доллар сыйақы беретіні туралы хабарлады.

Бұған дейін де, Бағдадтағы АҚШ елшілігі ғимаратының маңында бірнеше зымыран жарылған болатын.



Өзгелердің жаңалығы