Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Бағасы төмен": Елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

Олжас АДАЙ
2 Сәуір 2025, 16:02
7957
Бөлісу:
 архив
Фото: архив

Қазақстан тұрғын үй компаниясы 2025 жылғы 7 сәуірден бастап жаңа "Орда Аймақ" ипотекалық несиелеу бағдарламасын іске қосады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Орда Аймақ" бағдарламасының басты ерекшелігі – салынып жатқан тұрғын үйді ҚТК-ның кепілдігімен үлестік құрылыс шарты бойынша сатып алу мүмкіндігі. Бұл үлескерлер үшін үлкен сенім тудырады. Себебі құрылыс аяқталмай қалса немесе құрылыс салушы компания банкротқа ұшыраса, ҚТК тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға кепілдік береді. Яғни салымшының инвестициясы қорғалады.

Бағдарламаға қатысу үшін "Отбасы банк" АҚ-да депозиттің болуы немесе баспанаға иелік ету бойынша шектеу қойылмайды. Өтінімдер "Отбасы банк" АҚ-ның уәкілетті агенттері арқылы қабылданады.

Бағдарлама шарттары:
• Сыйақы мөлшерлемесі – 15,9% (ЖТСМ 17,26%-дан 22,81%-ға дейін).
• Бастапқы жарна – 20%-дан бастап.
• Несие сомасы – 1 миллионнан 75 миллион теңгеге дейін.
• Несиелеу мерзімі – 1 жылдан 20 жылға дейін.
• Тұрғын үйдің бастапқы бағасы нарықтағы дайын пәтерлерге қарағанда айтарлықтай төмен.

Өзгелердің жаңалығы