Бағаның қандай деңгейде тұрақтанатынын айту қиын - сарапшы

14 Сәуір 2021, 18:10
2014
Бөлісу:
Бағаның қандай деңгейде тұрақтанатынын айту қиын - сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы наурыздан бастап Қазақстанда жанармай мен басқа да жанар-жағармай материалдарына бағаның өсуі байқалады. Осыған қатысты мұнай-газ саласының сарапшысы Руслан Мұхамедов пікір білдірді.

Сарапшының айтуынша, Қазақстанда жанармай бағасы көрші елдерге қарағанда айтарлықтай төмен. Бұл, ең алдымен, ҚР-дағы жанама салықтардың салыстырмалы түрде төмен мөлшерлемелерімен байланысты.

Егер жаһандық деңгейде қарайтын болсақ, онда Қазақстан ЖЖМ бағасы біздікінен айтарлықтай жоғары елдердің ортасында тұр. Мысалы, көршілес Ресейде шекара маңындағы аудандарда АИ-92 бензинінің бағасы литріне шамамен 245 теңгені құрайтыны құпия емес, бұл Қазақстан бойынша орташа бағадан шамамен бір жарым есе көп. Бұл айырмашылық, бірінші кезекте, еліміздегі жанама салықтардың ресейлік салықтармен салыстырғанда төмен мөлшерлемелерімен байланысты, олардың ЖЖМ бағасындағы үлесі шамамен 65%-ды құрайды, - деді Руслан Мұхамедов.

Сарапшы мұнай өнімдерінің айналымы туралы заңға сәйкес ҚР ішкі нарығы басым тәртіппен қамтамасыз етілетіндіктен, Энергетика министрлігі ай сайын бекітілетін жеткізу жоспарлары аясында елімізде өндірілетін барлық ақшыл мұнай өнімдерін тек ел ішінде өткізуге бағыттайтынын атап өтті.

Менің ойымша, ішкі нарықтағы теңгерім қалпына келтірілгенге дейін ашық түсті ЖЖМ экспорты жабық күйінде қалады. Сәуір айында АМӨЗ жобалық қуатына шығады деп күтемін, бұл мұнай өнімдерін жеткізуді теңдестіруге мүмкіндік береді. Бұл ретте бағаның қандай деңгейде тұрақтанатынын айту қиын, - деп пікірімен бөлісті Мұхамедов.

Ол трансшекаралық жеткізілімдердің үстеме кірісі жағдайында нарықтың жекелеген субъектілері мұнай өнімдерін шығару мүмкіндіктерін әрқашан таба алады, сондықтан бұл мәселеде шектеуді реттеу өзекті емес.

Менің ойымша, реттеу елде ашық және еркін баға белгілеуді қалыптастыруға, сондай-ақ, қазақстандық тұтынушылар үшін өтемақы шараларын әзірлеуге бағытталуы тиіс, - деп түйіндеді Мухамедов.


Өзгелердің жаңалығы