Багам аралдарындағы дауыл салдарынан жеті адам қайтыс болды

4 Қыркүйек 2019, 12:48
1885
Бөлісу:
Багам аралдарындағы дауыл салдарынан жеті адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Багам мен Абако аралдарына күшті Дориан дауылы соғып, 7 адам қайтыс болды, деп хабарлады ZNS Bahamas.   

Қаза болғандардың жалпы саны жеті адамға жетті. Достастықтың премьер-министрі Хьюберт Миннистің айтуынша, зардап шеккен екі адам ел астанасына жеткізілгенімен, ауруханада көз жұмған.
 
"Осылайша, қаза болғандардың саны жетіге дейін өсті. Бұл соңғы мәлімет емес", - деді ол.  
 
Багам аралдарының ұлттық қауіпсіздік министрі Марвин Джеймс дауылдан қаза болғандардың арасында бірнеше бала болғанын мәлімдеді.
Өзгелердің жаңалығы