Багам аралдары жағалауында тағы да дауыл соқты

15 Қыркүйек 2019, 13:48
2336
Бөлісу:
Багам аралдары жағалауында тағы да дауыл соқты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Флорида штатына бара жатқан жолда соққан Умберто дауылы 2-3 күнде күшейе түсуі мүмкін. Бұл туралы korrespondent.net жазды.

АҚШ-тағы Дауылдарды бақылау ұлттық орталығы мен Багам аралдарындағы төтенше жағдайларды басқару жөніндегі ұлттық агенттіктің мәліметінше, Атлант мұхитында пайда болған Умберто тропикалық дауылы Багам архипелагының солтүстік-батысындағы аралдар жақтан келген.

Умберто дауылы соғып жатқан аумақтағы желдің жылдамдығы сағатына 64 шақырым жылдамдықпен соғуда, алдағы уақытта ол сағатына 100 шақырым жылдамдыққа дейін күшеюі мүмкін деп болжанып отыр.

Умберто дауылы жақында Дориан дауылынан зардап шеккен Багам аралдарындағы құтқару және қалыпқа келтіру жұмыстарына кедергі келтіруі мүмкін.

Багам аралдарындағы Дориан дауылы салдарынан қаза тапқандар саны 50-ге жетті. Дауыл салдарынан жоғалып кеткендер саны 2,5 мың болғандықтан, қаза болғандар саны бұдан да көбеюі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы