Бадминтоннан 2021 жылғы әлем чемпионаты кейінге шегерілді

2 Мамыр 2020, 21:10
1428
Бөлісу:
Бадминтоннан 2021 жылғы әлем чемпионаты кейінге шегерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияның Уэльве қаласында жоспарланған бадминдоннан әлем чемпионаты кейінге шегерілді. Бұл туралы әлемдік бадминтон федерациясы мәлімдеді.

Дүниежүзілік біріншіліктің өзгертілуіне коронавирус пандемиясына байланысты Токиодағы Олимпиада ойындарының кейінге шегерілуі себеп болған. Атап айтқанда, бадминтоннан өтетін әлем біріншілігі Олимпиада ойындарының өтетін уақытымен тұспа-тұс келген.

Әлемдік бадминтон федерациясының хабарлауынша, 2021 жылғы әлем чемпионаты 29 қараша мен 5 желтоқсан арасында өтеді.

Айта кетерлігі, халықаралық федерация бадминтоннан өтетін 2021 жылғы жарыс кестесін әлі құрастыруда. 
Өзгелердің жаңалығы