Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Backstreet Boys қазақстандық жанкүйерлеріне алғыс айтты

25 Қыркүйек 2025, 01:29
680
Бөлісу:
 instagram.com/backstreetboys
Фото: instagram.com/backstreetboys

Атақты америкалық Backstreet Boys тобы Қазақстандағы гастролін ерекше ықыласпен еске алды. Әлеуметтік желідегі парақшасында музыканттар отандық жанкүйерлердің ыстық ықыласы мен жомарттығына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қонған сәттен бастап кеткенге дейін біз Қазақстанда өзімізді шынымен қалаулы әрі сүйікті сезіндік. Жол бойы кездескен әрбір жанның жомарттығын байқадық. Астана мен Алматыдағы концерттерімізге келген баршаңызға алғысымызды айтамыз. Бұл, әрине, ұмытылмас сапар болды!, – деп жазды топ өкілдері Instagram-да.

Ал жанкүйерлер Backstreet Boys-ты Қазақстанға қайта оралып, тағы да өнер көрсетуге шақырып пікір қалдырған.

Өзгелердің жаңалығы