БАӘ еліміздегі тұрақтандыру үшін қабылданған шараларды қолдайды

9 Қаңтар 2022, 09:35
1959
Бөлісу:
БАӘ еліміздегі тұрақтандыру үшін қабылданған шараларды қолдайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әмірлік тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары – Сыртқы істер министрінің м.а. Мұхтар Тілеуберді Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-министрінің орынбасары – Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы  СІМ хабарлады.

Сұхбат барысында БАӘ Министрі әмірліктердің басшылығы мен халқы атынан Қазақстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін қабылданған шараларды қолдайтынын жеткізді.

М.Тілеуберді Қазақстан басшылығының халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қалыпты тіршілік әрекетін қалпына келтіру жөніндегі шаралары туралы хабардар етті. Тараптар жоғары деңгейдегі саяси диалог пен тығыз байланыстарды қолдауға келісті.

Өзгелердің жаңалығы