Бақытбек Смағұл: Қытаймен шекараны жаптық

26 Қаңтар 2020, 13:10
3500
Бөлісу:
Бақытбек Смағұл: Қытаймен шекараны жаптық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚХР-мен арадағы барлық шекара бекеттері жабылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Qazaqstan Ardagerleri Қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Қытайдай алпауытқа ауыр зұлмат келді. Тәңір оларға төл Жаңа жыл мерекесін де тойлатпай тастады.

Қазіргі кезде шың елінде тұрғындарының саны тұтас Қазақстан халқынан да көп қалалар карантинге жабылуда. Оларда халықтың дүрбелеңге түсіп, тамаққа таласып, бүлініп жатқанын ақпарат құралдары таратуда, - деп жазды ол.
Вирус Қытайдан сыртқа шығып кетті. Онымен сырқаттанғандар Гонконг, Тайланд, Оңтүстік Корея, Жапония, Тайвань, АҚШ, Сингапур, Вьетнамда тіркелген. Ал кейінгі жылдары қытай инвестициясына құшағын ашып, бұл елмен етене болып кеткен Аустралия бүгінде тәж вирусы таралуы кесірінен туристерден айырылып жатыр.

Енді қазақстандықтар әлеуметтік желілерде ҚХР-мен арадағы шекараны тас бекіту туралы талаптар қоюда. Осыған орай мынаны хабарлағым келеді: Қазақстан шығыс көршіден вирус елге енбеуі үшін "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын уақытша жапты. Сонымен бірге, шекарашыларымыз Қытаймен шектесетін мемлекеттік шекара бойындағы барлық өткізу бекеттерін – "Бақты", "Майқапшағай", "Достық–Алашанкоу", "Қалжат" пункттерін де жауып, қымтады, - деді Бақытбек Смағұл. 

Мемлекет халқымызды қорғау үшін қажетті шараларды қолға алып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, президент Қытайда тараған вирусқа қатысты Үкіметке тапсырма берген еді.

Өзгелердің жаңалығы