Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов 2020 жылы Нұр-Сұлтанда өтетін ХХІ Министрлер конференциясының ықтимал нәтижелері мен ДСҰ реформалау мәселелерін талқылау үшін Шанхай қаласында (Қытай Халық Республикасы) ДСҰ сауда министрлерінің формальды емес кездесуіне қатысты.
Рrimeminister.kz хабарлағандай, министрлердің формальды емес отырысы талқылаудың аралық нәтижелерін қарау және алдағы ДСҰ Министрлік конференциясында елеулі нәтижелерге қол жеткізу үшін одан әрі қадамдарды анықтау мақсатында ДСҰ мүшелерінің бастамасы бойынша өткізіледі.
Қытай Үкіметі ұйымдастырған ДСҰ министрлердің формальды емес отырысына Бас директор Р. Азеведо, сондай-ақ ДСҰ 30 мүше елдерінің өкілдері қатысты.
Отырыс барысында министр ДСҰ-ға мүше елдерді Ұйымның толыққанды жұмыс істеуіне байланысты проблемалық мәселелерді шешу және нақты субстантивтік нәтижелерге қол жеткізу үшін күш-жігерлерін біріктіруге шақырды.
Біз үшін келесі жылы үш негізінің ішінде екеуі жұмыс істемейтін ДСҰ-ға кіру қаупі бар. Осы ахуалды түзету үшін бізге реформалар қажет, - деді ол.
Сондай-ақ отырысқа қатысушыларға Министрлік конференциясын өткізуге дайындық бойынша Қазақстанда жүргізіліп жатқан белсенді жұмыс туралы ақпарат берілді.
Б. Сұлтанов осы уақытта ДСҰ бастамасы бойынша талқыланып жатқан инвестицияға жәрдемдесуге қолдау білдірді.
Инвестицияларды жүзеге асыру рәсімдерін жеңілдету туралы қағидалардың басты жинағын әзірлеу дамушы және аз дамыған елдердің нарықтарына инвесторлардың сенімдерін орнына келтіруге көмектеседі, - деді министр.
Ол сондай-ақ ДСҰ мүшелерін инвестицияларды жүзеге асыру рәсімдерін жеңілдету туралы қағидаларды одан әрі әзірлеуге белсенді қатысуға шақырады.