Сағынтаев: «Жаңа Алматыны» дамыту жоспары қала тұрғындарының негізгі қажеттіліктерін шешеді

8 Желтоқсан 2021, 12:50
1202
Бөлісу:
Сағынтаев: «Жаңа Алматыны» дамыту жоспары қала тұрғындарының негізгі қажеттіліктерін шешеді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Жаңа Алматыны» дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы мегаполис әкім Бақытжан Сағынтаев Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде айтты.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, пандемия қалаға қосылған аумақтардағы шағын аудандардың инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі жобаларды іске асыруға түзетулер енгізген. Алайда, қойылған міндеттер жүйелі түрде шешілуде.

Осы жылы «Жаңа Алматы» кешенді жоспары қала шетіндегі проблемаларды шешуге ғана емес, экономикалық өсуге де жұмыс істейді. Жалпы, жоспар аясында биыл 286 жоба іске асырылып жатыр, 73 жоба болашаққа қарастырылған. Биыл 24 шағын ауданда 92 км су құбыры және 77 км кәріз желілері тартылып, 36,5 мың үйді қамтыды. Нәтижесінде қала тұрғындарының 98,5%-ы жыл соңына дейін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі, - деді Алматы әкімі.

«Жаңа Алматы» Кешенді жоспары аясында ұзындығы 6,6 км Абай даңғылы мен Саин және Әуезов көшелерін үңгілеу жүргізілуде. Үш жолайрығының құрылысы аяқталып қалды.

Алматының «оңтүстік» аймағында электр энергиясының тапшылығын жою үшін «Алмагүл» қосалқы станциясы салынуда. Қуат өсімі шамамен 100 МВТ. Сондай-ақ, «Каскад» қосалқы станциясының құрылысы аяқталуда, қуаттылық өсімі – 64 МВТ. Осы жобаларды іске асыру «оңтүстік» аймақтың 450 мыңға жуық тұрғынын электрмен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қалаға қосылған Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандарының аумақтарында 2021 жылы электр желілерін реконструкциялау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды, бұл 30 мыңнан астам тұтынушыны сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Алматы әкімдігі кернеуі 110-220 кВ электр берудің әуе желілерін кабельге ауыстыру болашақта 2035 жылға дейін Алматы қаласының электр желілерін 2030 жылға дейін дамыту сызбасын әзірлеуде, - деді Сағынтаев.

Аула аумақтарын жарықтандыру бойынша ЖСҚ әзірленді.

Жобада 486 аулада сыртқы жарықтандыру желілерін орнату жоспарланған. Жобаны іске асырудың алдын ала мерзімі 2022 жылға жоспарланған.

Кешенді жоспар аяқталғаннан кейін Алматы тұрғындарының негізгі базалық қажеттіліктері шешілетін болады, олар орталықтандырылған сумен жабдықтаумен және су бұрумен, үздіксіз энергиямен және газбен жабдықтаумен толық қамтамасыз етіледі.

Өзгелердің жаңалығы