Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Мұндай шешім «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XVII съезі кезінде шықты.
«Ауыл» партиясының кезектен тыс съезінде «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Саяси кеңес Президиумының құрамына өзгерістер енгізу туралы» мәселе қарастырылды.Съезд делегаттарының бірауыздан қолдауымен С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың басқарма төрағасы Қайрат Айтуғанов, Еңбек және әлеуметтік қорғау экс вице-министрі Светлана Жакупова, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының кеңесшісі Ербол Есенеев, «Шопан-ата» Ұлттық қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмазбек Садырбаев және «Ауыл» ХДПП жастар қанатының өкілі Әйгерім Көкеева Партияның Саяси кеңес Президиумының құрамына енді.
Съезд жұмысынан кейін Саяси кеңестің шешімімен Қайрат Айтуғанов және Светлана Жакупова «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының орынбасары болып сайланды.