БҚО мен Жамбыл облысы астанаға қандай өнімдерін әкелді?

12 Қыркүйек 2020, 14:47
2252
Бөлісу:
БҚО мен Жамбыл облысы астанаға қандай өнімдерін әкелді?
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Хан Шатыр» аумағында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Жәрмеңке 12 қыркүйектен 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Осылайша әр апта сайын сенбі-жексенбі әр аймақтан келген фермерлер өз өнімдерін елордалықтарға сатады.

ар1.jpg

Өткен аптада Түркістан және Алматы облыста өз өнімдерін ұсынған болатын.

ар3.jpg

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, Екі облыстың фермерлері елордаға 400 тоннадан астам өнім әкелді.

ар4.jpg

ар19.jpg

Елорда тұрғындары мен қонақтарына 204 тонна көкөніс, 92,8 тонна ет, 30 тонна шұжық, 12,5 тонна сүт өнімдері, 55 мың дана жұмыртқа, 21,5 тонна ұн және макарон өнімдері, 6 тонна кондитерлік өнімдер, 5 тонна қант, 2,5 тонна бал, 1,5 тонна кептірілген жемістер және басқа да өнімдер әкелінді.

ар5.jpg

ар18.jpg

Өнімнің барлығы нарықтағы бағадан 15-20% төмен болады. Мысалы, сиыр етінің бір келісін 1700 теңге, қой етін 1900 теңге, жылқы етін 2000 теңге сатып алуға мүмкіндік бар.

ар7.jpg

ар20.jpg

Жамбыл облысынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің 10 жүк автомобиль керуені келді. 

ар8.jpg

ар23.jpg

Ол өнімдерді Жамбыл облысының 10 ауданы мен Тараз қаласынан 90 ауылшаруашылық тауар өндірушілері ұсынуда.

ар10.jpg

Сондай-ақ, ұйымдастырушылардың айтуынша, барлық өнімдер санитарлық-ветеринарлық талаптарға сәйкес келеді. 

ар11.jpg

ар16.jpg

Сонымен қатар тауардың сапасы мен шығуы  туралы сертификаттарға ие.

ар12.jpg

Естеріңізге сала кетейік, жәрмеңкеге барушылар қатаң санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтағандары жөн.

ар13.jpg

ар15.jpg

ар9.jpg

ар21.jpg

ар22.jpg

ар24.jpg



Өзгелердің жаңалығы