Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған іздеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы қоғамдық бірлестік өкілдері хабарлады.
Іздеу жұмыстары барысында Батыс Қазақстан облысында қаза болған 17 солдаттың сүйегі табылды. Олар Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары жасалған жау авиациясының шабуылынан қаза болды.
1-15 қыркүйек аралығында өткен іздеу жұмыстары барысында №372 және №365 жол айрығында (Сайқын ауылы Бөкей ордасы ауданы Батыс Қазақстан облысы) із-түссіз кеткен болып есептелген 17 солдаттың сүйегі табылды.
Астрахан-Саратов темір жолы бойында бауырластар зираты бар. Із-түзсіз кеткен жауынгерлердің сүйектері әлі де сол жақта жатыр. Сол себептен «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі іздеу жұмыстарын өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл біз ұйымдастырып отырған алғашқы іздеу жұмыстары. Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен келіссөздер жүргізіліп, іздеу жасағына қажетті қаржылай қолдау көрсетілді. Қазба жұмыстары 1 қыркүйек күні басталды. Болашақта осы бағыттағы шараларды тағы ұйымдастырамыз деп жоспарлап отырмыз, - деді «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев.Қоғамдық бірлестік ұйымдастырған іздеу жұмыстары Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы іздеу жасағымен бірлесе отырып жасалды. Солдаттардың сүйектері табылған соң «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің іздеушісі мұрағаттардан қаза болғандардың тізімдерін тапты. Ол тізімде жауынгерлердің аты-жөні, туған жылы және майданға аттанған жері жазылған. Сол тізімдер бойынша қоғамдық бірлестік солдаттардың туыстарын іздеу шараларын өткізеді. Тізімге сәйкес жауынгерлер Ресей, Украина, Беларусь және Татарстаннан болған.
Ең алдымен №365 жол айрығында бір солдаттың сүйегі табылды. Болжам бойынша, ол аға сержант немесе старшина болған. Ол әскери форманың фрагменттерінде кестеленген жұлдыз бойынша белгілі болды. Ол Тынық мұхиты флотының теңіз жаяу әскері болды деп айтуға болады, себебі бұл солдат туралы ақпарат Тынық мұхиты флотының тізімдерінде бар. Келесі күндері №372 жол айрығында тағы атқыштар артиллериялық бригадасының 16 солдатының сүйектері табылды. Болжам бойынша, олардың екеуі командир болған. Мұрағаттан іздеп табылған ақпарат бойынша жауынгерлер Сталинград жаққа қарай бара жатқан. Бұл туралы ақпарат жауға белгілі болып, жау авиациясының шабуылы жасалады, - деп атап өтті «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің іздеушісі Сергей Федоренко.Жауған оқтан пайда болған шұңқырлардың ішінде табылған солдаттар № 93 бөлек атқыштар бригадасының жеке артиллерия дивизиясының жауынгерлері болған. Жау авиациясының шабуылы 1942 жылы 15 қазан күні болды.
Бір офицер бɵлек тұрған шұңқырдан табылды. Басқа солдаттардан сəл алысырақ жатты. Офицердiң жанында жұлдыз пiшiнiндегi жеңге тiгiлетiн жапсырма жəне түймесi болды. Кеудесi оқтан жарақаттанған. Ал аяғын оқ тесiп ɵткен, - дейдi Кеңес Одағының батыры Мəншүк Мəметова атындағы iздеу жасағының жетекшiсi Сергей Лапшин.
Іздеу жасақтарының сөзінше, Бөкей ордасы ауданы (Сайқын ауылы) соғыс жылдары майдан жанындағы аумақ болып есептелген. Көп мәрте бомбаланған. Астрахан - Саратов темір жолы арқылы қару-жарақ, дәрі-дәрмек және Сталинград шайқасына қатысқан солдаттардың амунициясын тасымалдайтын эшелондар өтетін. Дәл осы факт бомбалауға себеп болған. Астрахан - Саратов темір жолы бойында 40-50 бауырластар зираты бар. Сол жылдары жауынгерлер мен бірге жергілікті тұрғындар да қаза болды. Жерлеу рәсімі дұрыс сақталмай, оларды тез жерлеген. Сондай бауырлас зираттардың тереңдігі үлкен емес. Соғыстан кейінгі жылдары жерді жырту барысында жергілікті тұрғындар қаза болған жауынгерлер мен тұрғындардың сүйектерін тапқан.
Іздеу жұмыстары 1 қыркүйек күні басталып 15 қыркүйекте аяқталды.