Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданындағы орталық ауруханасында болған.
Өрт туралы хабар 17 ақпан күні сағат 05:41 шамасында келіп түскен. Өрт терапия бөлімшесіндегі палаталардың бірінен шыққан.
Матрастар мен төсектер өртенген. Жалын 15 кв м аумақты шарпыған. Мекемеден 28 адам эвакуацияланған. Өрт сөндірушілер 2 адамды аман алып қалды, - деді БҚО ТЖД бас маманы Мұрат Бисембаев.
Алдын ала болжам бойынша өртті 42 жастағы емделуші қойған. Соңынан өзі екінші қабаттан секіріп, қашып кеткен.
18 ақпан күні түнде күдікті ұсталды. Қазір ол психикалық сауықтыру орталығына жатқызылды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда, - деді БҚО полиция департаментінде.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.