БҰҰ: Латын Америкасында COVID-19 салдарынан "аштық пандемиясы" болуы мүмкін

17 Маусым 2020, 13:44
1866
Бөлісу:
БҰҰ: Латын Америкасында COVID-19 салдарынан "аштық пандемиясы" болуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сейсенбі күні БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасында (БҰҰ ДАБ) халықаралық қауымдастықты Латын Америкасындағы COVID-19 дағдарысы аштықты тудырмауы үшін тез әрекет етуге шақырды, деп жазады The Guardian газеті.

Біз денсаулық сақтау саласындағы бұл үрдіске шынымен алаңдап отырмыз. Өкінішке қарай, азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты жаңалықтар жақсы емес. Аштық пандемиясының алдын алу үшін біз тез әрекет етуіміз керек, - деді Латын Америкасы және Кариб бассейні елдеріндегі ДАБ бөлімшесінің басшысы Мигель Баррето.

Ұйымның бағалауы бойынша, коронавирустық дағдарыс және одан туындаған шектеу шаралары Оңтүстік және Орталық Америка елдерінде, сондай-ақ, Кариб бассейнінде 40 млн-ға жуық адам зардап шегуі мүмкін азық-түліктің жетіспеушілігін тудыруы ықтимал.

ДАБ мәліметіне сәйкес, осы өңірдің 11 мемлекетінде жыл басында 3,4 млн адам азық-түліктің жетіспеушілігіне тап болған еді, ал қазіргі таңда жарты жыл ішінде, олардың саны 14 млн-ға жетіп отыр.

Жақында ДДСҰ коронавируспен байланысты жағдай қазіргі уақытта Латын және Орталық Америка елдерінде қауіп тудырып отырғанын мәлімдеді, өйткені онда вирус жұқтыру көрсеткіші күн санап өсіп барады, ал, тиісті тесттер жеткілікті дәрежеде жүргізілмейді.



Өзгелердің жаңалығы