Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 тамыз, жұма күні ауа сапасының ластануы тек Ақтөбе қаласында күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Еліміздің басқа шаһарларында метеожағдай қалыпты болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.