Бүгін Өскемен мен Шымкентте ауа ластануы мүмкін

<h4> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 8 тамыз, сенбі күні республика қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.</h4> <p> <br> </p> <br>

 8 Тамыз 2020 2020, 08:50
8 Тамыз 2020 2020, 08:50
2713

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 8 тамыз, сенбі күні республика қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Сенбі күні еліміздің екі қаласында – Шымкентте және Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.

Өзге шаһарларда метеоахуал бірқалыпты

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Наверх