Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерде жаңбырмен бірге найзағай болып, жел күшейеді, дауыл, тұман, бұршақ жаууы ықтимал. Тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қахақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді, тұман түседі. Қарағанды облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл болады. Жамбыл облысының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Түркістан облысының кей жерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.