Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

20 Қаңтар 2020, 08:30
964
Бөлісу:
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 20 қаңтар күні еліміздің бірқатар қалаларында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Кәсіпорын таратқан мәліметке сенсек, 2020 жылдың 20 қаңтарында Қызылорда, Талдықорған және Шымкент қалаларында ауа сапасы нашарлайды, яғни ауа ластануы мүмкін. Қазақстанның өзге қалаларындағы ауа сапасы бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы