Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауынша, 4 қаңтар күні Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды.</h4>

 4 Қаңтар 2020 2020, 09:40
4 Қаңтар 2020 2020, 09:40
1969

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауынша, 4 қаңтар күні Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды.


"Қазгидромет" мәліметіне сүйенсек, ауа сапасының ластануы Өскемен және Қарағанды (түнде) қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Наверх