Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 тамызда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.
Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік шығыстың кей жерінде найзағайлы жаңбыр жауады. Кей жерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, республиканың солтүстігінің кей жерінде дауыл, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман түседі.Солтүстік Қазақстан облысында дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматыда, таңертең және күндіз Жамбыл облыстарының кей жеріңде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістанда, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі.
Күндіз Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жеріңде жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында күндіз қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстік шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.