Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

30 Шілде 2019, 07:45
1388
Бөлісу:
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 шілдеде еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, циклонның және сонымен бірге фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, республиканың кей жерінде найзағайлы жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік батысыңда күн ашық. Кей жерде жел күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде дауыл, жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Түркістан, Қостанай, күндіз Ақтөбе, Алматы облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл, Қостанай облысының күндіз кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түседі, кей жерде бұршақ жаууы ықтимал.

Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл, кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Алматы облысыныңда, Қарағанды облысының кей жерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.



Өзгелердің жаңалығы