Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 17 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік облыстарының ауа райын антициклон анықтайды, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың қалған бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады, солтүстік-шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Кей жерде тұман, жел күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстіктің кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарынын кей жернде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Ақмола облысының кей жеріңде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан, Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-22 м/с күшейеді, Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі.
Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының түнде және таңертең кей жеріңде тұман түседі.