Бүгін Балқаш қаласында қолайсыз метеожағдай қалыптасады

28 Сәуір 2020, 08:43
1385
Бөлісу:
Бүгін Балқаш қаласында қолайсыз метеожағдай қалыптасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 сәуір күні тек Балқаш қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.


28 сәуірде Балқаш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады немесе ауа ластанады, - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Республиканың өзге қалаларында метеожағдай қалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы