Бүгін Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болады

2 Наурыз 2020, 08:35
1070
Бөлісу:
Бүгін Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 наурыз күні еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Кәсіпорын таратқан мәліметке сенсек, еліміздегі Қызылорда және Шымкент қалаларында ауа ластануы мүмкін. Қазақстанның өзге қалаларында ауа сапасы бірқалыпты болады. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Өзгелердің жаңалығы