Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 маусымда елімізді ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.
Сәрсенбі күні атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерінде жаңбыр жауады, тек оңтүстік және оңтүстік-батыста күн райы ашық болады. Республиканың кей жерінде найзағай, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстіктін кей жерінде - тұман, күндіз дауыл күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында дауыл күтіледі.
Күндіз Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Алматы, түнде және таңертең Ақмола, күндіз Түркістан, Қостанай, Қарағанда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Ақтөбе облысының кей жерінде, Батыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан, Алматы облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.