Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 9 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Республиканың басым бөлігінде суық атмосфералық бөліктердің өтуімен жауын-шашын сақталады. Солтүстікте және шығыста кей жерде жаңбыр және қар түрінде қатты жауын-шашын, жел күшейеді, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстарында тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының кей жерінде жел 15 м/с күшейеді.