Азық-түлік бағасының аспандауы. Қуантыров атқарушы органдарға ұсыныс жасады

16 Тамыз 2022, 10:25
1171
Бөлісу:
Азық-түлік бағасының аспандауы. Қуантыров атқарушы органдарға ұсыныс жасады

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасында жалпы жағдай мынадай. Барлық көрсеткіш бойынша оң өсу 3 өңірде – Шымкент қаласы, сондай-ақ Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалып отыр. 6 көрсеткіш бойынша оң өсуді 8 өңір көрсетті. Олар Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары, сондай-ақ Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Ақтөбе облыстары, - деді ол. 

Министр атағандай, орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару ұсынылып отыр.

Азық-түлік тауарларының қолжетімділігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының шамадан тыс өсуін болдырмау бойынша жүйелі жұмыс жүргізу. Шикізаттық емес секторлар инвесторлары үшін барлық қажетті преференцияны бере отырып, инвестицияларды сүйемелдеуге кешенді қарау. Қолда бар ресурстар мен құралдарды тиімді пайдалана отырып, егістік өнімдерін уақытылы жинауды қамтамасыз ету. Жаңа сауда нарықтарын іздеуді қолдай отырып, қазақстандық экспорттың үздіксіз жеткізілуіне қолдау көрсету. Бизнеспен сапалы өзара іс-қимылды қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік қолдау құралдарын тиімді ұсыну. Жоғарыда аталған шараларды толықтай іске асыру еліміздің экономикасының өсуін жеделдетуге мүмкіндік береді, - деді Қуантыров. 

Өзгелердің жаңалығы