Азық-түлік қоры жеткілікті – президент

16 Наурыз 2020, 14:29
1411
Бөлісу:
Азық-түлік қоры жеткілікті – президент
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ел президенті халыққа жолдаған үндеуінде күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейтінін атап өтті.

Осы орайда, азық-түлік қоры жеткілікті екеніне назар аударғым келеді. Күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді деді Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған үндеуінде. 

Сондай-ақ мемлекет басшысы жалған ақпарат таратып, жұртты дүрліктіргендер заңға сәйкес жауапқа тартылатынын ескертті.
Біз ел-жұртты дүрліктіретін, арандататын әрекеттерге тыйым саламыз. Жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылады. Бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар тек ресми мәліметтерге сүйеніп, жұмыс істеуі керек, - деді президент.
Ел басшысы халықты індетпен бірге күресуге шақырды.
Біз осы жаһандық кеселге қарсы тұру үшін күш-жігеріміздің мықты екенін көрсетуіміз қажет. Татулық пен тұтастықтың арқасында кез-келген қиындықтан шығуға болады. Сондықтан, бәріміз бір адамдай жұмылып, қауіпті індетпен күресуіміз қажет. Береке мен бірлік бәрін де жеңеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қазақстанда төтенше жағдай созылуы мүмкін екенін де айтқан еді. Сондай-ақ, бұл – уақытша дүрбелең екенін айтып, қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығамыз деді.

Өзгелердің жаңалығы