Азия ойындары: Ел қоржынына екінші медаль түсті

Бүгiн, 09:39
243
Бөлісу:
Азия ойындары: Ел қоржынына екінші медаль түсті
Фото: gov.kz

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының 2-ші медалі түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы қысқы Азия ойындарында конькимен жүгіруден ерлер арасында 100 метрде бақ сынаған Евгений Кошкин (9.47) күміс жүлдені иеленді.

Тағы бір отандасымыз Алтай Жәрдембекұлы 4-ші орыннан көрінсе, Артур Ғалиев 12-ші орын, Никита Важенин 15-ші орынға тұрақтады.

Бұған дейін шорт-тректен Қазақстан құрамасы алғашқы күміс медаль иеленген болатын.

Өзгелердің жаңалығы