Азия ойындары: Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші орын алды

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлде алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

8 Қазан 2023 2023, 05:25
АВТОР
 Туризм және спорт министрлігі 8 Қазан 2023 2023, 05:25
8 Қазан 2023 2023, 05:25
1229
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлде алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрама сапында Жансая Әбдумәлік, Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрманова, Меруерт Камалиденова және Динара Сәдуақасова ел намысын қорғады.

Ел құрамасы шешуші 9-турда Өзбекстанды 3:1 есебімен жеңіп, 3-орынға ие болды.

Алғашқы орынға Қытай қол жеткізсе, екінші орын Үндістан еншісіне бұйырды.

Наверх