Азия ойындары: Қазақстан хоккейшілері Таиланд құрамасын 12:0 есебімен жеңді

Бүгiн, 18:09
156
Бөлісу:
Азия ойындары: Қазақстан хоккейшілері Таиланд құрамасын 12:0 есебімен жеңді
Фото: olympic.kz

Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандықтар алғашқы матчта Таиланд құрамасымен кездесті. Нәтижесінде отандастарымыз қарсыласын 12:0 есебімен ойсырата ұтты.

Таиланд – Қазақстан – 0:12 (0:4, 0:2, 0:6)

0:1 - 10:58 – Колесников (Буяльский, Лихотников)

0:2 - 11:33 – Старченко (Рымарев, Өмірбеков)

0:3 - 13:04 – Оспанов (Королев)

0:4 - 13:25 – Степаненко (Колесников, Лихотников)

0:5 - 33:12 – Өмірбеков (Бекетаев, Данияр)

0:6 - 36:04 – Бекетаев (Данияр, Старченко)

0:7 - 40:27 – Рымарев (Панюков, Өмірбеков) артық құрамдағы гол

0:8 - 44:53 – Буяльский (Степаненко, Лихотников)

0:9 - 46:51 – Лихотников (Савицкий, Бекетаев) кем құрамдағы гол

0:10 - 49:25 – Бекетаев (Старченко, Данияр)

0:11 - 54:31 – Гайтамиров (Панюков, Бреус)

0:12 - 59:15 – Лихотников (Степаненко, Буяльский)

Қақпашылар: Кляйншай– Шутов

Сондай-ақ бүгін Қазақстан әйелдер құрамасы Таиландқа қарсы матч өткізеді.

Азия ойындарын тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы