Азия ойындары: бір үйдің екі қызы алтын медаль жеңіп алды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан финалдық сайыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ұлттық олимпиадалық комитет 30 Қазан 2025, 21:50
30 Қазан 2025, 21:50
1706
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан финалдық сайыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жарыста туған апалы-сіңілі - Камила мен Аяулым Оспанова ерекше жетістікке жетті.

Қос аруымыз бір күнде тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

ҚР ҰОК мәліметінше, Аяулым 66 келіге дейінгі салмақта қарсыласынан басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Ал Камила 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды

Наверх