Азия кубогі: Нысана көздеуден ел құрамасы көш бастады

16 Ақпан 2025, 21:45
262
Бөлісу:
Азия кубогі: Нысана көздеуден ел құрамасы көш бастады
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Таиланд астанасы Бангкокта нысана көздеуден Азия Кубогі жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Бір аптадағы жарыстан кейін Қазақстан құрамасы 5 алтын, 6 күміс, 3 қола медальмен 1-орынға шықты.

Алтын:

Қазақстан ерлер құрамасы (Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский, Никита Шахторин) 10 метрден пневматикалық винтовка;

Қазақстан құрамасы (Константин Малиновский, Елизавета Безрукова) 10 м, пневматикалық винтовка;

Олег Носков (жасөспірімдер арасында) 10 метрден пневматикалық винтовка;
Кирилл Цуканов (жасөспірімдер арасында) 10 м, тапанша;

Қазақстан ерлер құрамасы (Рамазан Ынтықбай, Кирилл Цуканов, Кирилл Федькин) 10 м, тапанша;
 

Күміс:

Ислам Сәтпаев, 10 м, пневматикалық винтовка;

Валерий Рахымжан 10 м, тапанша;

Қазақстан әйелдер құрамасы (Валерия Попелова, Ирина Юнусметова, Ольга Аксенова);

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (Малика Сейіл, Кирилл Федькин) 10 м, тапанша;

Қазақстан әйелдер құрамасы (жасөспірімдер) Малика Сейіл, Сәуле Әлімбек, Кристина Устинова - 10 м, тапанша;

Қазақстан ерлер құрамасы (жасөспірімдер) Ринат Казаченко, Олег Носков, Дмитрий Ким, 10 м, тапанша;

 

Қола:

Александра Ле, 10 м, пневматикалық винтовка;

Қазақстан жасөспірімдер командасы (Олег Носков, Анастасия Григорьева) 10 м, пневматикалық винтовка;

Кирилл Федькин (жасөспірімдер арасында) 10 м, тапанша;

Айта кетейік, биыл құрлықтағы 23 мемлекеттен 320-ға жуық спортшы бәсекеге жиналды. Азия Кубогі 22 ақпанда аяқталады. 2-орында 3 алтын медалі бар Сингапур келе жатыр.

Өзгелердің жаңалығы