28-29 қазан аралығында Малайзия мемлекетінің, Куала Лумпур қаласында Эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жарыста Елордалық спортшылар топ жарып, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Команда қоржынында 1 «алтын», 1 «күміс», 1 «қола» жүлде.
Жеңіс, әрине, оңай келген жоқ. Біздің тобымыз үшін ең бастысы - ауызбіршілік, қандай жағдай болмасын бір-бірімізді қолдап отырамыз. Жеткен жетістіктеріміздің сыры осы десем қателеспеймін. Азия чемпионатында қарсыластарымыз осал болмады, олармен сайысқа түсу арқылы өз шеберлігімізді шыңдадық. Біздің бірге жеткен жеңісіміз, тобымыздың әрбір спортшысы үшін үлкен мақтаныш, – деді «Алан-Томирис» тобының спортшысы.
Жарыс қорытындысымен бөлісеміз:
«Самұрық» командасы 1-орын (14-15 жас)
Тастанбек Амина
Шамшина Аружан
Байронова Инкар
Исабекова Адина
Абдибаева Медина
Мухамедгалиева Анар
Ошаганова Микаэлла
Лукьянова Валерия
Акшулакова Дарина
«Алан-Рио» командасы 2-орын (10-12 жас )
Тастанбек Ясмина
Ахметкали Аяулым
Дюсебаева Даяна
Островенко Дарья
Заманбекова Камиля
Мекебаева Аруна
Рахимова Адия
Алимбаева Жасмин
Исагали Медина
Елдар Асия
Сагадат Томирис
Пшенова Латифа
«Алан-Томирис» командасы 3-орын (12-14 жас)
Сагидулла Джанис
Бижанова Саида
Темирболат Дана
Ермуратова Инжу
Абдрахманова Мадина
Акан Айшаханым
Исаева Алуа
Каиржанова Аружан
Садыкова Дильназ