Азия чемпионатына елден 10 боксшы аттанады

3 Сәуір 2019, 14:29
2850
Бөлісу:
Азия чемпионатына елден 10 боксшы аттанады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таиландта өтетін Азия чемпионатында елдің намысын қорғайтын боксшылар есімі анықталды. Бұл туралы prosports.kz сайты хабарлады.

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін жария етті.  

«Азия чемпионаты қарсаңында боксшылардың барлығына үлкен міндет қойып отырмыз. Барлық салмақта да жүлдеге таласатын боламыз. Турнир алдында Алматыда қысқамерзімді оқу-жаттығу жиыны өтеді. Бәрі сәтімен өтіп жатса, құрлық додасынан жүлдесіз қалмаймыз деген ойдамын. Азиядағы бокстың қарқыны жоғары екенін білесіздер. Бізге Өзбекстан, Таиланд, Үндістан, Филиппин спортшылары басты қарсылас атанбақ. Сары құрлық сынында әлем чемпионатына жолдама жеңіп алуға тырысамыз», - деді бас бапкер.  

Таиландтың Бангкок қаласында өтетін құрлық додасына Қазақстан толық құраммен қатысады.  
49 келі - Теміртас Жүсіпов
52 келі - Әнуар Мұзапаров
56 келі - Қайрат Ерәлиев
60 келі - Зәкір Сафиуллин
64 келі - Санатәлі Толтаев
69 келі - Асланбек Шымбергенов
75 келі - Тұрсынбай Құлахмет
81 келі - Бек Нұрмағанбет
91 келі - Василий Левит
+91 келі - Қамшыбек Қоңқабаев.

Айта кетейік, Азия құрлығының мықтылары 16-26 сәуір күндері аралығында Таиланд елінің астанасы Бангкокта бас қосады.
Өзгелердің жаңалығы