Азия чемпионаты. Жамбы атудың жеңімпазы анықталды

19 Сәуір 2019, 21:11
4572
Бөлісу:
Азия чемпионаты. Жамбы атудың жеңімпазы анықталды
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жастар жылы аясында байрағын көтерген Жастар арасындағы тұңғыш Азия чемпионатында жамбы ату ойынының жеңімпазы анықталды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жамбы ату сайысы үш түрлі стильде өтті.

Азия чемпионаты. Жамбы атудың жеңімпазы анықталды

Әуелі азиялық стильмен атқан мергендер арасында ұпай санымен Айкөз Ералхан алғашқы орыннан көрінді. Ұпай саны – 27,1. Екінші орында моңғолиялық спортшы Түмэнбаяр Отгонбаяр. Ұпай саны – 26,94. Үшінші орынға да Моңғолия мергені жайғасқан екен. Хүслэн Чулуунбаатар 26,69 ұпаймен алғашқы үштікті түйіндеді.

Азия чемпионаты. Жамбы атудың жеңімпазы анықталды

Айтпақшы, Хүслэн осы чемпионатқа қатысып жатқан екі қыздың бірі. 17 жастағы бойжеткеннің Қазақстанға алғаш келуі екен.

"Садақ атуды үйренгеніме 3 айдан асты. Қазақстанға алғаш келуім және мұндай дүбірлі додаға да алғаш рет қатысып отырмын. Алған әсерім керемет. Қазақ жылқысы біздің моңғол жылқысына қарағанда биік, жылдам болады екен. Алғашқы қатысқан халықаралық жарысым болғандықтан, мен үшін өте әсерлі болды. Алматының табиғаты да тамаша екен. Кейде өзіңді бұлттардың арасында жүргендей сезінесің" - дейді Хүслэн бикеш. 

Азия чемпионаты. Жамбы атудың жеңімпазы анықталды

Екіншісі – Ресейден келген бойжеткен Любовь Морока. Любовь алғашқы турда 14,18 ұпай жинаған. Мәскеуде дүниеге келген спортшы 16 жасқа енді ғана толған екен.

Азия чемпионаты. Жамбы атудың жеңімпазы анықталды

Екінші тур – Түрік стилімен сынға түскен жас мергендер көшін жерлесіміз Бақдәулет Бабажан 55,28 ұпаймен бастаса, екінші орынға да елімізге танымал мергеніміз – Ералхан Айкөз 48,88 ұпаймен табан тіреді. Ал алғашқы үштікті венгриялық жас мерген Золт Лизиска 38,85 ұпаймен қорытындылады.

Азия чемпионаты. Жамбы атудың жеңімпазы анықталды

Қазақтың ежелгі өнері жамбы атудан мергендік сынайтын үшінші кезең – қазақ стилі бойынша алғашқы үш орынды Бақдәулет Бабажан (53,28), Түмэнбаяр Отгонбаяр (30), сондай-ақ Золт Лизиска (28,3) өзара бөлісті.

Азия чемпионаты. Жамбы атудың жеңімпазы анықталды

Жамбы ату сайысының ережесі бойынша жоғарыда аталған үш стильдің ұпайлары бірге есептеліп, ең көп ұпай жинаған мерген жеңімпаз атанады. Ендеше, назарларыңызға жамбы атуға қатысқан 12 спортшының ұпай санын ұсынайық.

Азия чемпионаты. Жамбы атудың жеңімпазы анықталды

Бекзат Жақсыбек (Қазақстан) 1-тур – 18,92; 2-тур – 34,88; 3-тур – 11,93 (жалпы – 83,01);

Бақдәулет Бабажан (Қазақстан) 1-тур – 24,03; 2-тур – 55,28; 3-тур – 53,28 (жалпы – 164,62);

Ералхан Айкөз (Қазақстан) 1-тур – 27,1; 2-тур – 48,88; 3-тур – 17,19 (жалпы – 118,27);

Хүслэн Чулуунбаатар (Моңғолия) 1-тур – 26,69; 2-тур – 27,19; 3-тур – 16,56 (жалпы – 91,66);

Жавхлантөгс Мөнхарслан (Моңғолия) 1-тур – 19,15; 2-тур – 36,84; 3-тур – 19,19 (жалпы – 102,27);

Түмэнбаяр Отгонбаяр (Моңғолия) 1-тур – 26,94; 2-тур – 33,66; 3-тур – 30 (жалпы – 117,57);

Валентин Лакатос (Венгрия) 1-тур – 17,73; 2-тур – 29,87; 3-тур – 0 (жалпы – 71,06);

Золт Лизиска (Венгрия) 1-тур – 19,63; 2-тур – 38,85; 3-тур – 28,3 (жалпы – 114,69);

Ирфан Мика (Малазия) 1-тур – 20,86; 2-тур – 15,94; 3-тур – 0 (жалпы – 61,52);

Шахобиддинжон Туроев (Өзбекстан) 1-тур – 0 (ойыннан шықты);

Любовь Морока (Ресей) 1-тур – 14,18; 2-тур – 9,65; 3-тур – 0 (жалпы – 34,27);

Веняамин Улу (Түркия) 1-тур – 17,85; 2-тур – 18,04; 3-тур – 17,47 (жалпы – 71,14).

Азия чемпионаты. Жамбы атудың жеңімпазы анықталды

Сонымен, Жастар арасындағы тұңғыш Азия чемпионатындағы үш кезеңнен тұратын тартысты бәсекеде чемпион анықталды.

Азия чемпионаты. Жамбы атудың жеңімпазы анықталды

Ол – елімізге жаңадан танылып келе жатқан жас мерген Бақдәулет Бабажан. Бақдәулеттің мергендігі көрермендерді ғана емес, шет елден келген қарсыластарын да таңқалдырды.

Азия чемпионаты. Жамбы атудың жеңімпазы анықталды

Екінші орынға да еліміздің танымал сұрмергені Ералхан Айкөз ие болды. Ералхан бұған дейін де өз жанкүйерлерін мергендігімен тәнті етіп келген болатын.

Азия чемпионаты. Жамбы атудың жеңімпазы анықталды

Ал Азия чемпионатының үшінші орыны Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласынан келген мерген Түмэнбаяр Отгонбаярға бұйырды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, яғни 18 сәуір күні Теңге ілу спорты бойынша сынға түскен 19 епті жігіттің ішінен жерлесіміз Ғалымжан Ізжанов жастар арасындағы тұңғыш Азия чемпионатының алғашқы жеңімпазы атанған болатын. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 21 сәуір күні өтеді.

Өзгелердің жаңалығы