Азия чемпионаты. Қазақстан жетінші алтынға ие болды

<p> </p> <p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бокстан Дубайда өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасында 81 келіде алтын жүлдеге қазақстандық Фариза Шолтай (81 келі) ие болды.&nbsp; </p> <br>

 30 Мамыр 2021 2021, 23:46
30 Мамыр 2021 2021, 23:46
15356

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бокстан Дубайда өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасында 81 келіде алтын жүлдеге қазақстандық Фариза Шолтай (81 келі) ие болды. 

Ол финалда өзбекстандық Сохиба Рузметовамен кездесті. Жекпе-жекте қарсыласынан бір бас жоғары бокстасқан Фариза Шолтайға төрешілердің күмәні болған жоқ. Бірауздан жеңісті қазақстандыққа берді.



Айта кетейік, осылайша Азия чемпионатында 7 алтын, 1 күміс, 1 қола еншілеп үлгердік. Бұған дейін Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Милана Сафронова (64 келі), Валентина Хальзова (69 келі) топ жарған. Ал 57 келідегі Владислава Кухта күміс, 75 келідегі Марина Вольнова қола жүлдені қанағат тұтты.
Наверх