Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бокстан Дубайда өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы алғашқы үш салмақта да қазақстандық боксшылар топ жарды.
Ең жеңіл салмақ 48 келіде Алуа Балқыбекова финалда өзбекстандық Гүласал Сұлтаналиевамен кездесті.
Төрешілердің шешімімен бұл жекпе-жекте Балқыбекова жеңіске жетті.
Одан кейін 51 келіде Назым Қызайбай үндістандық Мэри Комнан басым түсті.
Үшінші алтынды 54 келідегі Дина Жоламан сыйлады. Ақмола облысының тумасы өзбекстандық Ситора Шогдарованың осал тұсын тапты.
Дина жартылай финалда үндістандық боксшымен жолыққан. Төрешілер ол жекпе-жекте қарсыласының қолын көтерген. Бірақ кейін Қазақстан аппеляция беріп, Жоламан финалға өтті.
Енді алда әлі 6 боксшымыз бар. Олар: Валентина Кухта (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Милана Сафронова (64 келі), Валентина Хальзова (69 келі), Фариза Шолтай (81 келі) жәнп Ләззат Күнгейбаева (+81 келі).