Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл күндері Бангкокта байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.
Байдаркада есуден Қазақстан қоржыны қос күміспен толықты. Жарыстың кезекті күнінде ерлер арасында 500 м есуден Сергей Токарницкий күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ 500 м қашықтықта екеулік байдарка бойынша Ольга Сурмина мен Маргарита Торлопова күміспен күптелді.
Айта кетерлігі, аталған құрлықтық біріншілік 27 наурызға дейін өтеді.