Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Әйгерім Сәттібаева Таиландтағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әйгерім Сәттібаева 48 кг салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ол ширек финалда филиппиндік Офелия Маньомен кездесті. Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Әйгерім Сәттібаева – бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы және 2010 жылғы Азия біріншілігінің қола жүлдегері. Біраз уақыт үзілісткен кейін рингке қайта оралды Әйгерімнің жұбайы – бокстан Рио Олимпиадасының қатысушысы, Азия чемпионы Олжас Сәттібаев.
Ерлі-зайыпты бүгінде 5 бала тәрбиелеп отыр.