Әзірге маска режимін енгізуге қажеттілік жоқ – Ажар Ғиният

1 Шілде 2022, 18:06
1347
Бөлісу:
Әзірге маска режимін енгізуге қажеттілік жоқ – Ажар Ғиният

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты пікірін білдірді. 

Айтуынша, әзірге маска режимін енгізуге қажеттілік жоқ. 

Жыл басынан бері елде тіркелген коронавирус инфекциясын жұқтырудың 80% жағдайында Омикрон-стелс түрі көп кездесті. Омикрон былтырдан бері бүкіл әлемде көп анықталғаны белгілі. Ай сайын генетикалық зерттеулер жүргізіп отырамыз. Оның деректерін хабарлаймыз. Соңғы зерттеу нәтижелері штамның аталған түрінің (Омикрон-стелс – ред.) көп анықталғанын көрсетті. Бүгінгі эпидахуалға тоқталар болсақ, әзірге Қазақстанның бүкіл өңірі «жасыл» аймақта, - деп атап өтті ведомство басшысы елордада өтіп жатқан Халықаралық нейрохирургия форумының кулуарында. 

Сондай-ақ министр маска режимін енгізуге дәл қазір қажеттілік жоқ деп отыр. 

Коронавирус жұқтырудың тіркелген жағдайларының өсуіне қарамастан, әзірге маска режимін енгізуге қажеттілік жоқ. Ондай шешім еліміздің барлық өңірінің «жасыл» аймақта екендігімен байланысты, - деді Ажар Ғиният.

Еске сала кетейік, бұған дейін астанада халықаралық нейрохирургия форумы мен кинофестивалі өтіп жатқандығы туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы