Азиададағы алғашқы алтын. шорт-тректен ерлер командасы қысқы Азия ойындарында топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы қысқы Азия ойындарында (Харбин, Қытай) шорт-тректен ерлер командасы алғашқы алтын ел қоржынына салды.
Азиада финалында ел намысын Глеб Ивченко, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев және Әділ Ғалиахметовтер қорғаған.
Айта кетейік, бұл Қазақстан шорт-трегі тарихына Азия ойындарындағы алғашқы алтын медаль. Бұған дейін тек күміс, қола жеңген болатын.